Қазақ әріптері бұзылмай шығатын құралдар

Қазақша қаріп табыңыз, Story жасаңыз, сөйлеп жазыңыз. Тегін, браузерде, ештеңе орнатпай.

ӘҒҚҢӨҰҮҺІ
Сары сызық — қазақ тіліне тән әріптер. Белгі әр қаріпте сол жерде тексеріледі. Барлық қаріпті көру

Үш құрал

Әрқайсысы бір жұмысты істейді. Тіркелу қажет емес, телефонда да ашылады.

Qarip

Қазақ әріптерін толық қолдайтын қаріптер каталогы.

  • 300-ден астам қаріп, 5 санат
  • Өз мәтініңізбен тексеру
  • Лицензиясы көрсетілген

Таңба Stories

Beta

Қазақша мәтінді Instagram Story-ге екі жолмен қоясыз.

  • Story жасау: фон, мәтін, 9:16 PNG
  • Мәтінді мөлдір PNG етіп көшіру
  • Instagram-да «Қою» арқылы қою

DauysTap

Жаңа

Сөйлеңіз, мәтін өзі жазылады. Мәтінді дауыспен тыңдай аласыз.

  • Қазақша, орысша, ағылшынша
  • Мәтіннен дауыс, MP3
  • Видеодағы сөзді мәтінге айналдыру

Неге AQSUEK

Ә

Әріптер дұрыс шығады

Әр қаріп тоғыз қазақ әрпіне тексерілген. Сұрақ белгісі мен бос төртбұрыш болмайды.

₸0

Тегін

Тіркелусіз ашылады. DauysTap-ты күніне 3 рет тіркелмей байқауға болады, Google арқылы кірсеңіз 40 жазу мен 50 дауыс.

✓

Деректер сізде қалады

Мәтін тарихы өз браузеріңізде сақталады. Аудио мен видео серверде қалмайды. Құпиялық саясаты

Қазақша контент орысша не ағылшынша контенттен қиын болмауы керек.

Дизайн құралдарында Қ, Ғ, Ң, І, Ә, Ө, Ү, Ұ әріптері басқа қаріппен шығып, мәтін ала-құла көрінетінінен шаршадым. Сондықтан өзім қолданғым келетін құралдарды жасап жүрмін: қаріптен бастап дауысқа дейін.

AQSUEK авторы

Жиі қойылатын сұрақтар

AQSUEK құралдары ақылы ма?

Жоқ, негізгі мүмкіндіктер тегін. DauysTap-та қызмет бәріне жетуі үшін күнделікті лимит бар.

Қаріптерді коммерциялық жобаға қолдануға бола ма?

Бұл әр қаріптің лицензиясына байланысты. Қаріп бетінде лицензия белгісі тұр, қолданар алдында тексеріңіз.

Бағдарлама орнату керек пе?

Жоқ. Барлық құрал браузерде, телефонда да, компьютерде де ашылады.

DauysTap қазақша сөзді тани ма?

Иә. Қазақша, орысша және ағылшынша сөйлеуді таниды, тілдер араласса да түсінеді.

Менің аудиом мен мәтінім сақтала ма?

Мәтін тарихы тек өз браузеріңізде сақталады. Аудио мен видео өңделген соң серверде қалмайды.

Не жаңа

  1. Сайттың жаңа дизайны: шыны беттер және қараңғы режим.
  2. DauysTap: сөйлеп жазу, мәтіннен дауыс, видеодан мәтін. Тіркелмей байқап көріңіз.
  3. Qarip: 23 жаңа қаріп, барлығы 320.
  4. Таңба: телефондағы редактор мен жүктеу жаңартылды.
  5. Таңба Beta: Stories редакторы мен қаріп каталогы.